Алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде көктемгі гидравликалық сынақтар жүргізілгеннен кейін Қостанай жылу энергетикалық компаниясы қаланың жылу көздері мен жылу желілерінде жөндеу жұмыстарына кіріседі.
Инвестициялық бағдарлама шеңберінде жобаларды іске асыру белсенді қарқынмен жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарының барысы туралы біз бұрынғыдай Instagram және БАҚ-тағы парақшамызда айтатын боламыз.
Бүгінгі таңда қаланың жылу желісінің екі учаскесінде жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Біріншісі, Рабочая көшесінде. "ҚЖЭК" МКК Баймағамбетов көшесінде орналасқан 7.04 жылу камерасынан Рабочая көшесіндегі мүгедектер қоғамының ғимаратына дейінгі жерасты жылу желісін ауыстыру жұмыстарын орындайды. Ауыстырылатын жылу желісінің жалпы ұзындығы 95 метр, диаметрі 273 мм-ге дейін (ескі жылу желісінің диаметрі 219 мм). Бұл учаскеде жөндеу жұмыстары 20 маусымға дейін жүзеге асырылады.
Екінші, Наримановская көшесінде. Мұнда әртүрлі диаметрлі трассаның жалпы ұзындығы 574 метр болатын жер үсті жылу желісінің учаскесін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар 30 маусымға дейін аяқталады.
Дереккөз: kostanay_news