«Айкомек» ситуациялық орталығының жұмысы туралы

«Айкомек» ситуациялық орталығының жұмысы туралы

Еске сала кетейік, «Айкөмек» 2019 жылдан бастап жұмыс істеп келеді және қала басқару жүйесінің маңызды буынына, сондай-ақ қала тұрғындары үшін бірыңғай анықтамалық және үйлестіру қызметіне айналды. Бұл – электрмен сумен жабдықтау, санитарлық тазалау, қоғамдық көліктің жұмысы, жарықтандыру, бағдаршамдар және басқа да мәселелерді  шешуге көмектесетін тетік.

Орталықтың жұмысында 436 орындаушы жұмылдырылған: 15 қалалық мемлекеттік мекеме, 27 ведомстволық бағынысты ұйым, 64 ПТИК, 290 МИБ, 40 облыстық және республикалық мемлекеттік орган және басқа да ұйымдар. Мамандар 24/7 режимінде өтініштерді қабылдап, өтініш иелерімен кері байланыс жүргізеді.

1 қаңтардан бүгінгі күнге дейін шамамен 32 мың өтініш түсті: олардың 62 %-ы алғашқы қоңыраудан шешілген өтініштер; 38 %-ы — орындауға жіберілген мәселелер, 26 мың өтініш орындалды.

Сонымен қатар, 2022 жылдан бастап жедел әрекет ету және тұрғындармен тиімді байланыс орнату үшін қаланың үш шалғай ауданында жауапты мамандар бекітілген. Олар күн сайын тұрғындармен кездесіп, күнделікті мәселелерді шешуге көмектеседі.