Ағымдағы жылға арналған бағдарлама аясында аулалық аумақтарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Барлығы 49 аула жөнделуі тиіс, олардың 25-інде жұмыстар бүгінде толық аяқталды.
Жыл соңына дейін жалпы 515 аула абаттандырылатын болады. Бұл – жөндеуді қажет ететін аулалардың 93%-ын құрайды.
Жөндеу жұмыстары аясында асфальт жабындысын ауыстыру, тротуарларды қалпына келтіру, автотұрақ орындарын ұйымдастыру, жиек тастарын ауыстыру және орнату көзделген.
Салыстырмалы түрде айтқанда, өткен жылы осындай жұмыстар 53 аулада жүргізілген болатын.
Келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі 1 қыркүйекке дейін белгіленгеніне қарамастан, мердігер ұйымдар оларды 10 тамызға дейін аяқтауға уәде берді.