Алдағы 2025-2026 жылыту маусымына дайындық мақсатында 2025 жылғы 10 маусымда "Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" МКК Сіздің ауданыңыздағы жылу желілеріне жоспарлы гидравликалық сынақтар жүргізді.
Сынақ нәтижесінде жылу желілерінің төрт учаскесінде ақау (жарылу) анықталды, осыған байланысты 11 маусымда қазандықты іске қосып, тұрғын үйлерге ыстық су беруді қалпына келтіру мүмкін болмады.
Қазіргі уақытта жылу камераларында анықталған үш жарылу орны жөнделіп жатыр және 13 маусымға дейін толықтай қалпына келтіріледі.
14 маусымда Н. Назарбаев даңғылы бойындағы келесі тұрғын үйлерге ыстық су берілуі қалпына келтіріледі:
№195, 197, 199, 205, 207, 209, 211, 213, 215.
Қалған үйлер:
№223, 225, 227, 229, 231
жер асты жылу желісіндегі жарылуды жою жұмыстары аяқталғаннан кейін 19 маусымға дейін ыстық сумен қамтамасыз етіледі.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.