Қостанайда ыстық ауа райы орнады — термометр бағандары +29°C-қа дейін көтеріліп, қала тұрғындары жаппай жағажайларға ағылды.
Осыған байланысты Қостанай облысы Полиция департаментінің бастамасымен су маңындағы демалыс орындарында бірлескен рейд ұйымдастырылды. Оған полиция қызметкерлері, ТЖД мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.
Қостанай облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Ғалымжан Мұстафиннің айтуынша, ресми шомылу маусымы 1 маусымнан 31 тамызға дейін созылады. Қалада шомылуға рұқсат етілген үш орын бар: қалалық жағажай, сондай-ақ Амангелді тұрғын ауданындағы «Мохито» және «Мишутка» демалыс аймақтары.
Патрульдеу құрлықтан да, судан да жүргізілді — рейдке қатысушылар үш қайықпен шықты. Демалушыларға дауыс зорайтқыш арқылы қауіпсіздік ережелері еске салынды: буйлардан әрі жүзбеу, қоғамдық орындарда алкоголь ішпеу, балаларды қадағалау және қоқыс тастамау.
Дереккөз: https://www.instagram.com/reel/DKuSKnFMLul/?igsh=MW51d2t5cXZzNnFncA