Қостанайда жол қозғалысы жеңілдеді — жаңа бұрылыстар ашылды

Қостанайда жол қозғалысы жеңілдеді — жаңа бұрылыстар ашылды

            Қостанай қаласында көлік инфрақұрылымын дамыту және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында әзірленген жол картасы аясында өткен жылы жеті оңға бұрылатын қосымша жолақ пен он көше қиылысын кеңейту бойынша ауқымды дайындық жұмыстары атқарылды.

            Жобаның кезекті кезеңінде «Береке – Аэропорт» бағытында жаңа оңға бұрылатын ауысу жолдары ашылып, жүргізушілерге Станционная және Уральская көшелеріне екі бағыттан да жасыл бағдаршамды күтпей-ақ оңға еркін бұрылуға мүмкіндік берілді.

            Айта кету керек, бұл тәжірибе Қостанайда үшінші жыл қатарынан қолданылып келеді. Мұндай жаңашыл шешім көлік ағынын жеңілдетіп, жолдың өткізу қабілетін едәуір арттырып отыр. Сонымен қатар, «Береке – Аэропорт» жолындағы теміржол өткелдері арқылы жүк көліктері мен автобустардың жүруіне тыйым салынып, арнайы жол белгілері орнатылған.

            Биыл оңға бұрылатын жолақтар мен жол бөлігін кеңейту жұмыстары Каирбекова мен Назарбаева, Тәуелсіздік пен Бородина, Әл-Фараби мен Абай даңғылы, сондай-ақ Абай даңғылы мен Гоголя, Тәуелсіздік пен Алтынсарин, Әл-Фараби мен Чехова және Тәуелсіздік қиылыстарында, Баймағамбетов пен Гагарин, Баймағамбетов пен Бауман көшелерінің тоғысында жалғасатын болады.