Қала әкімі қалалық фонтандардың жай-күйін тексеріп өтті

Қала әкімі қалалық фонтандардың жай-күйін тексеріп өтті

Қостанай қаласында барлығы 26 фонтан бар, оның ішінде 18-і — стационарлық, ал 8-і — жүзбелі. Қазіргі уақытта екі стационарлық фонтанда — Жастар бульвары мен Гашек көшесіндегі саябақта — реконструкция жұмыстары жүргізілуде.

Биыл фонтандардың техникалық қызмет көрсетуі жергілікті емес ұйым — «Эснаф» ЖШС-не жүктелген. Алайда, қазіргі таңда объектілерді уақытылы іске қосу және олардың күтімі бойынша бірқатар күрделі мәселелер туындауда.

Қала әкімі қызмет көрсетуші ұйымға келесі аптаның соңына дейін барлық фонтандарды, соның ішінде Орталық сквердегі жарық-музыкалық фонтанды іске қосуды тапсырды. Сондай-ақ, Жастар бульвары мен Гашек көшесіндегі екі стационарлық фонтанның қайта жаңғырту жұмыстарын 15 күн ішінде бастап, Қала күніне дейін толық аяқтау міндеттелді.

Осылайша, барлық жоспарланған жұмыстар аяқталған соң, облыс орталығындағы фонтандардың 100%-ы қайта жаңғыртылып, жөндеуден өтетін болады.