Қалалық үшжақты комиссия отырысы

Қалалық үшжақты комиссия отырысы

2025 жылғы 30 мамырда Қостанай қаласының әкімі Жундубаев М.К. төрағалығымен Қостанай қаласы бойынша әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста қаланың кәсіпорын өкілдері қатысты. Бұл отырыс әлеуметтік-еңбек саласының негізгі аспектілері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде ұйымдастырылды және келесі мәселелер қаралды: қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарға арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу, әлеуметтік сақтандыру – жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі ретінде.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қостанай қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Қостанай облысында кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп, жұмыс берушілер арасында өндірістік кеңестер құру және жұмыс орындарын аттестаттаудан өткізу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар фактілерін жасыруға жол берілмейтіні туралы жұмыс берушілерге жеткізу тапсырылды. Сонымен қатар, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына міндетті әлеуметтік төлемдерді есептеу жөніндегі жауапты адамдардың жауапкершілігін арттыру арқылы әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді мерзімінде орындауды қамтамасыз ету тапсырылды.