2025 жылғы 27 мамыр күні Қостанай қаласында, Қасымханова көшесі, 36 мекенжайында көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін құрылған «Әлем біз көргендей» қоғамдық бірлестігінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жоба Қостанай қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылды.
Бірлестіктің қызметі көру қабілеті бұзылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, олардың қоғамға кірігуіне жәрдемдесуге, қоғамдық және мәдени өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ өзара ұйымшылдық пен көмек дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бұл ашылу — денсаулығына қарамастан әр адамның өзін қажет, естілетін әрі қолдау табатын тұлға ретінде сезінуіне мүмкіндік беретін, қолжетімді әрі инклюзивті қоғам құру жолындағы маңызды қадам болды.