«Береке» шағын ауданындағы құрылыс барысы туралы

«Береке» шағын ауданындағы құрылыс барысы туралы

Бүгін қала әкімі қарқынды дамып келе жатқан «Береке» шағын ауданына жұмыс сапарымен барып, тұрғын үй құрылысының қазіргі жай-күйімен танысты.

Сапар барысында әкім құрылыс алаңдарында санитарлық талаптардың сақталуына, сондай-ақ аумақтың тазалығы мен тәртібіне баса назар аударды.

Тексеру кезінде кейбір учаскелерде жылдар бойы жиналған құрылыс қалдықтары мен топырақ үйінділері анықталды. Осыған байланысты құрылыс компанияларына бір айдың ішінде аумақты толық тазалап, тәртіп орнату тапсырылды.

Сонымен қатар, санитарлық жағдайды бақылау және қалдықтарды шығаруды жүйелі түрде қадағалау мақсатында құрылыс нысандарына бейнебақылау камераларын орнату міндеттелді.