Меню
Страницы

«Парыз» конкурсы

«Парыз» конкурсы

Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Байқау жыл сайын «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» атты төрт номинация бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.Сондай-ақ байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлыққарастырылған.

Байқауға қатысу тегін. Үміткерлер материалдардыжергілікті атқарушы органдарғақағаз және электрондықжеткізгіштерде ұсынады.

Өткізілетін іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, облыс кәсіпкерлерін «Парыз» байқауына белсенді қатысуға шақырамыз.

Өтінімдерді қабылдау - 2025 жылғы 1 шілдеге дейін.

Телефон: 8(7142)50-14-04

Социальные медиа
Youtube
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты