Меню

Страницы

Статья

Кеңес Одағының Батыры И.Ф.Павловтың бейітіндегі ескерткіш (1922 – 1950 жж.)

Ескерткіш датасы –  1950 ж.

Орналасқан жері: Қостанай қ., Жеңіс саябағы

Иван Фомич Павлов 1922 жылы Қостанай ауданындағы Борис-Романовка ауылында туған. 1942 жылы И.Павлов Чкалов атындағы әскери-авиациялық училищені аяқтады. Ұлы Отан соғысы жылдары И.Павлов жауынгерлік тапсырмамен 250 рет әуеге көтерілген.

І дәрежелі «Отан соғысы» орденінің кавалері, екі рет Қызыл Ту орденінің иегері И.Павлов 1944 жылғы 4 ақпанда Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

1945 жылғы 23 ақпанда КСРО Жоғары Кеңесі Президиумы коммунист И.Павловты екінші «Алтын жұлдыз» медалімен марапаттады.

Соғыс аяқталғаннан кейін Иван Павлов М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияға оқуға жолданды, оны 1949 жылы табысты аяқтады. 

1950 жылғы 12 қазанда И. Павлов қызметтік міндеттерін орындау барысында мерт болды.

Қола мүсін тік бұрыш пішінді мәрмәр тастан жасалған тұғырға орнатылған. И.Ф.Павлов ҰОС уақытындағы ұшқыш киімінде бейнеленген. Тұғырының алдыңғы жағында мемориалды жазба бар: «Кеңес Одағының Екі мәрте батыры, гвардия майоры Павлов Иван Фомич (1922 – 1950 жж.)». Тұғырдың негізінде тікбұрыш пішінді граниттен жасалған плита.

Қабір басындағы плитаның көлемі - 0,6 м х 2м х 5 м. Тұғырының биіктігі – 1,5 м., мүсіннің биіктігі – 1 м. Материалы – қола, мәрмәр, гранит. 

Ескерткіштің авторы белгісіз.

Дата публикации
03 ноября 2020
Дата обновления
03 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
«БЖЗҚ» АҚ 2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
2026 жылғы 28 сәуірде "БЖЗҚ инвестициялық порталы – зейнетақы активтері туралы ақпарат" тақырыбында "Ашық есік күні" өтті
Баспасөз релиздері
27 апреля 2026
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасын орналастыру жөніндегі баспасөз релизі

Социальные медиа

Youtube
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты