Тобыл қаласында мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша семинар өтті

Тобыл қаласында мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша семинар өтті

Бүгін Тобыл қаласында Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Қостанай ауданының мемлекеттік мекемелерінің басшыларына арналған семинар өткізілді.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заңының талаптарын сақтау және орындау мәселелері талқыланды. Қатысушылар мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдалану тәртібі мен оларды насихаттаудың маңыздылығы туралы ақпарат алды.

🔹 Мемлекеттік рәміздер – елдің егемендігі мен бірлігін білдіретін басты құндылықтар. Оларды құрметтеу – әрбір азамат пен мемлекеттік қызметкердің азаматтық міндеті.