📣Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

📣Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.

Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады.

Байқау екі кезеңде өтеді:
1. Аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін).
2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен елорда) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін).

Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.

Толық ақпарат: 8(7142) 57-51-93