Қостанайда Қазақстан халқының бірлігі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында кең ауқымдағы «Достық керуені» этнофестивалі өтті. Бұл күні Достық үйінің алдында мерекеге жиналған қала тұрғындарына арналған бірнеше алаңда:
- облыстық ҚХА шығармашылық ұжымдары қатысқан концерттік бағдарлама;
- ойындар мен шеберлік сабақтары бар балалар алаңы;
- ұлттық тағамдар ұсынылған фуд-корт;
- фото аймақ ретінде қызмет еткен жарқын безендірілген винтажды автокөлік және ұлттық нақыштағы киіз үй;
- жұмысшы мамандық өкілдеріне, жастарға арналған квест;
- реабилитацияға мұқтаж балаға көмек көрсету мақсатында өткізілген қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Ғылыми-сараптамалық алаң аясында көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Қатысушылар бейбітшілік, достық және отансүйгіштік тақырыбындағы шығармаларды жүрекпен оқып, көрермендердің ықыласына бөленді.
Сонымен қатар, этнофестиваль аясында облыстық ҚХА шығармашылық ұжымдары қаланың бірнеше аудандарында тұрғындар үшін мерекелік бағдарламамен өнер көрсетті.