Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы

Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы

Қостанай облысының әкімі Қ.Ақсақаловтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен шақырылған Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXXIV сессиясына дайындық шеңберінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам белсенділері мен жастарды біріктірді.

Кеңес барысында ҚХА-ның 30 жылдығына байланысты мәселелер, бірлік пен келісімді нығайтудағы, этносаралық қатынастарды дамытудағы Қостанай облысының жетістіктері мен нәтижелері талқылды.

Кеңесте «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медальдары табысталды.