Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы

Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы  кеңесінің отырысы

Қостанай облысының әкімі Қ.Ақсақаловтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтеді.

Отырыс Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен шақырылған Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXXIV сессиясына дайындық шеңберінде өткізіледі және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойын мерекелеуге орайластырылған.

Отырыс барысында ҚХА-ның 30 жылдығына байланысты мәселелер, бірлік пен келісімді нығайтудағы, этносаралық қатынастарды дамытудағы Қостанай облысының жетістіктері мен нәтижелері талқыланады.

Кеңес барысында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медальдары табысталатын болады.

Өтетін күні: 16 сәуір 2025 жыл, сағат 11.00.

Өтетін орны: Облыстық әкімдік, Б корпус, Тәуелсіздік көш. 85,     4 қабат.