2025 жылғы 11 сәуірде "Ақ көгершін" қоғамдық бірлестігі Қостанай облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша "Отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатты қолдауға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу" атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жоба жүзеге асырып, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде 2 тренинг ұйымдастырды. Тренингтерді жоғары дайындық деңгейін көрсеткен, шығармашылық көзқараспен ерекшеленген студент-тренерлер жүргізді. Топпен жұмыс істеу қатысушылардың қызығушылығын тудырып, нәтижелі болды.