
Достар! Тарихымыздағы маңызды күн – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы жақындап келеді! Бұл - халықтың өлшеусіз ерлігі мен бірлігін, батылдығы мен жаугештіліктерін ұлықтайтын сәт!
Ұлы Жеңістің туын желбіреткен туыстарымыз, жақындарымыз, отбасы мүшелерін еске алайық!
Бүгін Қостанай облысында «Менің жеңіс тарихым» онлайн флешмобы басталады. Аталған акцияға белсенді ат салысып, Батыр аталарыңыздың өмірі, жеңіс жолындағы шайқастары, тылдағы ерен еңбегі сияқты тарихи сәттер және ғибратты оқиғаларымен бөлісіңіз!
Акцияға қатысу оңай – тек видео түсіріп, мәтін жазып, соғысқа қатысқан туыстарыңыздың фотосуреті мен соғыс жылдарындағы отбасылық мұрағат суреттерін #МояИсторияПобеды, #80летПобеды, #МеніңЖеңісТарихым, #Жеңіске80Жыл хэштегпен әлеуметтік желідегі парақшаңызға орналастырсаңыз болды.