Отбасы-демографиялық және гендерлік саясатты қолдау, сондай-ақ отбасы құндылықтарын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу

Отбасы-демографиялық және гендерлік саясатты қолдау, сондай-ақ отбасы құндылықтарын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу

2025 жылғы 3 сәуірде "Ақ көгершін" қоғамдық бірлестігі Қостанай облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша "Отбасы-демографиялық және гендерлік саясатты қолдау, сондай-ақ отбасы құндылықтарын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу" мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасын жүзеге асыру аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде 12 тренинг ұйымдастырды. Тренингтерді өткізген студент-тренерлер жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық көзқарасын көрсетті, топтық жұмыстың қызықты әрі нәтижелі болғаны байқалды.