Отбасы-демографиялық және гендерлік саясатты қолдауға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу

Отбасы-демографиялық және гендерлік саясатты қолдауға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу

2025 жылғы 28 наурызда «Ақ көгершін» қоғамдық бірлестігі Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Отбасы-демографиялық және гендерлік саясатты қолдауға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасын жүзеге асыру аясында қоғамдық тыңдау өткізді.

Іс-шараға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының өкілдері мен студенттер шақырылды. Қоғамдық тыңдау Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің базасында өтті.

Жиын барысында қатысушыларға жоба бағыттары таныстырылып, қоғамдық бірлестік пен жобаны жүзеге асыратын мамандар жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ алты жоғары оқу орнының өкілдерімен іс-шараларды өткізу тәртібі талқыланып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берілді.