
Қостанай облысы ҚХА Аналар кеңесі мен «Қазақ аналары-дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Қостанайда Халықаралық «Ақ орамал» күні аталып өтті, онда ақ орамалдың қадір-қасиеті туралы айтылып, «Беташар» дәстүрін және мастер-класс орамал тағу тәсілдерін көрсетті. Кездесу домбыра үнімен орындалған жанды халық әндерімен аяқталды.