Бүгін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен мемлекеттік тілді үйрену және медиа сауаттылықты арттыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында түрлі этнос өкілдеріне арналған «Мемлекеттік тілге жеті қадам» облыстық форумы өтті.
Басты мақсат-қазақстандық ұлтжандылық, азаматтық және рухани-мәдени қоғамдастық негізінде Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету үшін жастарды дамыту және шоғырландыру, жастардың белсенділігі мен өнерпаздығын дамыту;
Форум жұмысына облыстың қалалары мен аудандарынан 200-ден астам оқушы мен педагог қатысты.
Ал форум спикерлері: «Qazaqstan» телеарнасының «Қазақстан» РТРК АҚ бас редакторы, «Aqparat» (Астана) бағдарламасының жүргізушісі – Гаврина Алла Николаевна, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің төрағасы, «Украин Оберег қоғамы» ҚБ жастар қанатының төрағасы - Лагуткина Юлия Николаевна, шоумен, жүргізуші, блогер-Крис Блэк болды.
7 ай ішінде қатысушылар мемлекеттік тілді үйренуге мүмкіндік алған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Форум қорытындысы бойынша 10 оқушы елордаға баруға мүмкіндік алды, ал қалғандары естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар алды.
Сондай-ақ, форумда жобаның барлық кезеңінде өз оқушыларын үйлестірген мұғалімдер атап өтілді.