Конкурс отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ қазақстандық отбасының оң имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (бұдан әрі-қағидалар) сәйкес өткізіледі. Қостанай облысында конкурс жыл сайын өңірлік және облыстық деңгейде ұйымдастырылады.
Мүшелерінің еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысатын отбасылар қатысуға жіберіледі.
2023 жылғы 15 мамырда Халықаралық Отбасы күнінде "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауын өткізу басталды. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 15 мамырдан 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асырылды.
Қатысу үшін облыстың барлық өңірлерінен барлығы 190 өтінім келіп түсті. (2022 жылы -108 отбасы)
Облыстық кезеңге 40 отбасы қатысты (әр өңірден 2). Салтанатты құрметке 20 отбасы шақырылды. Конкурсты өткізуге Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы қаржы бөледі.
Байқау жүлдегерлері 1 орын үшін облыс әкімінің дипломдарымен және сыйлығымен 200 мың теңге көлемінде марапатталады, қалған 19 отбасы облыстық кезеңнің лауреаттары болып танылады және 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар алады.
Қостанай облысында тоғызыншы жыл өткізіледі. Осы кезеңде байқауға 808 Отбасы қатысты. Алтынсарин ауданынан Ермағамбетовтер отбасы жеңімпаз болып анықталды.
Отбасы Қостанай облысын республикалық деңгейде Астана қаласында ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде таныстырады.