Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында берілген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 9-11 тамызда «Қоғамдық келісім» КММ-де өңірдегі этносаяси менеджмент және этноконфликтологиялық мониторинг саласында құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған «Этносаралық қақтығыстарды реттеу кезіндегі медиативтік тәсіл» атты үш күндік семинар-тренинг өтті.
Курс тыңдаушыларының мақсатты аудиториясына этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық медиаторлар, Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері, ХҚКО, әкімдердің орынбасарлары және қала мен аудан әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары кірді.
3 күн ішінде 30 тыңдаушы этносаралық қақтығыстарды шешу және алдын алу бойынша келіссөздерді сәтті жүргізу үшін қажетті практикалық құралдарды игерді.
Семинар-тренингті «Парасат» медиация және құқық орталығы ЖМ директоры, медиатор жаттықтырушы, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚХА медиация кеңесінің мүшесі Гүлмайдан Урозбаева және Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы басқарма төрағасының орынбасары Диана Есенова өткізді.