Жастар күні қарсаңында Қостанай облысында жас мамандарға арналған «Қостанай жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы басталды.
Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 14 тамыздан басталады және 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Бағдарлама жастарға Қостанай облысы әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ Қостанай облыстық филиалының бірлескен қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуға кредит беруді көздейді және 34 жасқа дейінгі жас мамандарға есептелген.
Бағдарламаға қатысушылар үшін кредит беру шарттары:
- Қарыз алушы – Банкке әкімдік жолдамасын алған қатысушы;
- Қарыз сомасы – қарыздың ең жоғары сомасы - 15 000 000 (он бес миллион) теңге;
- Бастапқы жарна – қарыз сомасының 10 % (он пайызы);
- Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5% (бес пайыз);
- Сатып алынатын тұрғын үй – Қостанай облысында бастапқы/қайталама нарықтарда пайдалануға берілген/салынып жатқан-үлестік қатысу, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде:
- Көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесі;
- көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтер, жер учаскесі бар пәтер.
Бағдарлама облыстың барлық қалалары мен аудандарында шектеусіз іске асырылатын болады.
Қатысушыларды іріктеу рәсімінің ашықтығы мақсатында және басқа өңірлердегі бағдарламаларға ұқсас халық тарапынан наразылықты болдырмау үшін қатысушыларды іріктеу балдық жүйе бойынша және конкурстық комиссияның отырысын өткізе отырып жүргізілетін болады.
Егер қатысушылар бірдей ұпай жинаса, үлкен қатысушы артықшылыққа ие болады.
№ |
Іріктеу критерийлері |
Ұпайлар |
1 |
Тіркелген некедегі әр жыл үшін (оның ішінде жесірлер) |
1 |
2 |
Әрбір бала үшін, оның ішінде асырап алынған бала үшін |
1 |
3 |
Әлеуметтік - бағдарланған салалардың (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, оның ішінде ведомстволық бағынысты, коммуналдық мекемелердің) және қала құраушы кәсіпорындардың қызметкерлері |
1 жыл - 2 |
4 |
Қостанай облысының қалған салаларындағы қызметкерлер |
1 жыл - 1 |
5 |
Отбасында 1 және 2 топтағы мүгедектердің болуы (әрқайсысы үшін) |
1 |
Осыдан кейін «Отбасы Банкі» филиалы қатысушылардың біліктілігін жүргізеді және ішкі қағидаларға сәйкес тұрғын үй заемын беруді жүзеге асырады.
Бағдарламаға қатысушылар үшін қажетті құжаттардың тізбесі: