Жеңіс саябағында Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай митинг өтті.

Жеңіс саябағында Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай митинг өтті.

Дәстүрлі шараға 100-ден аса азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Митинг барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Р.З.Мұхаметқалиев, Қостанай өңірлік университетінің ректоры С.Б.Қуанышбаев, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты О.А.Киколенко мен «Возрождение» Қостанай облыстық неміс этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Л.Н. Киколенко.

Олар осы күннің маңыздылығына тоқталып: Зобалаң жылдарды бастан кешірген Алаш арыстарының айтқан зары, жүріп өткен тар жолдары, жазықсыз жапа шеккен аталарымыз бен әжелеріміздің шерлі тарихы – бүгінгі ұрпақтың мәңгі есінде.

Өткендегі зұлматтың қайталанбауы үшін қазіргі ұрпақ тарихтан сабақ алып, өмірде ұстанар жолымыздың бағытын таңдап, қолдан келгеннің бәрін істеуге міндеттіміз.
Елімізде бейбіт заман, аспанымыз ашық болсын!