Этносаралық қатынастар саласындағы жұмысқа тартылған мамандардың біліктілігін арттыру бойынша көшпелі семинар.

Этносаралық қатынастар саласындағы жұмысқа тартылған мамандардың біліктілігін арттыру бойынша көшпелі семинар.

Ағымдағы жылдың 23 мамырында Денисов ауданында этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы М.А. Искаков этносаралық қатынастар саласындағы жұмысқа тартылған мамандардың біліктілігін арттыру бойынша семинар өткізді.

Жұмысқа ауылдық округ әкімдері, ауылдық әкімдіктердің, ішкі саясат бөлімінің мамандары, учаскелік инспекторлар, сондай-ақ қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Түрлі этностардың қатысуымен болған оқиғалар мен жанжалдар туындаған кезде жедел ден қою шаралары талқыланды.