Отбасы ағашы

Отбасы ағашы

Қостанай облысында Халықаралық Отбасы күнін мерекелеу аясында «Отбасы ағашы» республикалық ағаш отырғызу акциясы өтті. Акцияға Қостанай облысының үлгілі және жас отбасылары, жастары мен еріктілері қатысты.

Іс-шараның мақсаты - отбасылық дәстүрлерді нығайту, сонымен қатар экологиялық тәрбиені дамыту.

Бұған қоса, бүгін адамгершілік құндылықтарын жаңғырту және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң имиджін қалыптастырып, отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауы басталды.

Жобаның негізгі мақсаты - отбасы институтын нығайту, жауапты некенің маңыздылығын ұғынып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру.