Облыстық «Алғысымыз шексіз» форумы өткізілді.

Облыстық «Алғысымыз шексіз» форумы өткізілді.

Іс-шараға құрылыс, тұрғын-үй коммуналды меншік, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, құқыққорғау, төтенше жағдай салаларының 150 қызметшісі қатысты.

Мемлекетіміздің ұстанған жаңа бағыты аясында 1 наурыз мерекесінің мән-мағынасы кеңеюде.Азаматтарымыздың ерлік қызметтері және еңбекшілердің жетістіктерін дәріптеу, қайырымдылық пен өзара көмекке назар аудару негізгі мақсат болып табылады.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Зәкиұлы Мұхаметқалиев айтып кеткендей: «Бүгін біз түрлі салалар мен кәсіптерде адал жұмыс істейтін, азаматтық және еңбек батырлығын көрсететін, ел дамуына үлес қосатын адамдарға, белсенділік пен азаматтық ұстанымы жоғары жандарға алғыс білдіреміз. Ассамблея осы тарихи маңызды процесте ерекше рөл атқару үшін барлық қажетті функционалға және ең бастысы адами әлеуетке ие».

Осы сөз аясында облыс әкімінің орынбасары Жақып Қ.Х мен Ким У.Л. «Алғыс» марапатын ұсынды.

Арнайы шақырылған қонақтар құттықтау сөздерімен қатар әлеуметтік саланы дамыту, жастармен жұмыс бойынша ұсыныстар беріп, үздік мамандарды марапаттады.

Жалпы Қостанай облысында Алғыс айту күні бір апта бойы мерекеленуде. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері еңбек ұжымдарында, атап айтқанда Қостанай Жылу энергетикалық компаниясының, Қостанай қаласының 4-ші емханасының, «Большевичка» тігін фабрикасының, «Таза жол» жеке шаруа серіктестігінің қызметкерлерімен, Қостанай өңірлік оңалту орталығының қызметкерлерімен, Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздарымен көшпелі кездесулер ұйымдастырды.