Қостанай облысының ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысы өтті.

Қостанай облысының ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысы өтті.

Қостанай облысының ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысы өтті.

 

Облыс әкімдігі жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес азаматтық қоғаммен жұмысты үйлестіруші, тұрақты жұмыс атқаратын орган болып табылады.

 

 Күн тәртібінде мынадай өзекті мәселелер қарастырылды:

- Қостанай ауданындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл;

- Облыстың білім беру саласында 2022 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру;

- Қостанай облысында отбасын қолдау орталықтарын құру.

 

Қоғамдық даму басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев атап өткендей:

«Кеңестің қызметі - өңірдегі барлық мәселелерді жариялап, оларды шешу жолдарын ұсыну. Облыстың қала мен аудандарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуын талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жоспарлауды сапалық көрсеткіштерге қайта бағыттап, біржолғы іс-шараларды алып тастау, шағын жобалардың сандық және сапалық мазмұнын қайта қарастырып, қазіргі шындыққа сәйкес жоба тақырыптарын жаңарту аса маңызды».

Білім беру саласындағы жобаларды жүзеге асыру және отбасын қолдау орталықтарын ашу - өткір әрі өзекті мәселе болып отыр. Бұл ретте, тұрмыстық зорлық-зомбылық және ерте жүкті болып қалу фактілері, сондай-ақ есепте тұрған жасөспірімдері бар отбасыларды қолдау туралы ұсыныстар көптеп түсуде.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Кеңес бір ғана отырыспен шектелмейді, айдың соңына дейін 2023 жылғы лоттарды талқылау мен тренингтер өткізілетін болады.