Облыстық мемлекеттік органдардың және Рудный қаласының ірі кәсіпорнының өкілдерімен жұмыс кеңесі.

Облыстық мемлекеттік органдардың және Рудный қаласының  ірі кәсіпорнының өкілдерімен жұмыс кеңесі.

Облыстық мемлекеттік органдардың және Рудный қаласының

 ірі кәсіпорнының өкілдерімен жұмыс кеңесі.

 

Ағымдағы жылдың 02 қарашасында Қостанай облысы әкімдігі мен прокуратурасының бастамасымен Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Г.Т. Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен, Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары М. Е. Сматовтың қатысуымен облыстық мемлекеттік органдары және Рудный қаласының ірі кәсіпорнының өкілдерімен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңесте этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері талқыланды.

Рудный қаласының әкімі Қ.Х.Испергенов бүгінгі таңда қалада этносаралық келісімді қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мәселен, 2021 жылдың сәуір айынан бастап қалада әртүрлі жас топтары мен этнос өкілдері қатысатын «СөйлеTime» қазақ тілі клубы жұмыс істейді. Қандастар мен қоныс аударушылар санының артуына байланысты қосымша квота бөлінді.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекет пен қоғам арасындағы көпір болуға мүмкіндік беретін өңірлік қоғамдық даму бағдарламасын әзірлеу жоспарланды.