«Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті.

«Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті.

«Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті.

22 жылғы 28 қазан күні Қостанай қаласында «Мерзімінен бұрын президент сайлауы: еліміздің саяси жүйесін трансформациялау жолындағы кезекті қадам» атты «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті. Шараны ұйымдастырушы – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ.
Іс-шараның басты мақсаты – еліміздегі саяси жүйені реформалау ісі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жиын қатысушылары сайлау науқанындағы жаңалықтар мен өзгерістерді талдап, сайлау процесіндегі ашықтық пен легетимділікті қамтамасыз етудің маңыздылығын талқылады. Отырыс Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Елдос Жұмағұловтың модераторлығымен өтті. Спикерлер: заң ғылымдарының докторы, профессор Сергей Жалыбин, ҚҚДИ сарапшылары Риззат Елюбаев, Жақсыбек Жиеналиев, тарих ғылымдарының кандидаты Жангелді Шаукенов алдағы президенттік сайлаудың саяси жүйеге қалай әсер ететіндігіне тоқталып, елімізде жүргізіліп жатқан өзгерістер азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашқанын атап өтті. Сонымен қатар, отырыс барысында Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау не үшін өткізілетіндігі барлық азаматтар үшін түсінікті емес деген пікірлер де айтылды. Сайлау басталғанға дейін бұқаралық ақпарат құралдарына осы мәселені түсіндіру бойынша ақпараттық жұмысты күшейту жөнінде ұсыныстар айтылды.
Өңірлік отырыс ашық диалог форматында өтіп, шақырылған сарапшылар, тыңдаушылар мен қонақтар жиын тақырыбы бойынша өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды.