Қостанайлық меценаттар «Жомарт Жүрек» республикалық сыйлығының жеңімпаздары атанды

Қостанайлық меценаттар «Жомарт Жүрек» республикалық сыйлығының жеңімпаздары атанды

Қостанайлық меценаттар «Жомарт Жүрек» республикалық сыйлығының жеңімпаздары атанды

Бүгін Астана қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қайырымдылық саласындағы үздік меценаттар мен филантроптар үшін «Жомарт Жүрек» республикалық сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
«Жомарт жүрек» сыйлығы 5 номинация бойынша қайырымдылық жасау мен оны дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды табу және ынталандыру, оларға қоғамның назарын аудару мақсатында 2018 жылдан бері өткізіліп келеді.
Биылғы жылы конкурстың республикалық деңгейіне Қостанай облысынан 5 үміткер қатысып, барлығы жеңімпаздар қатарынан табылды:
• «Жыл Тұлғасы» - «Алмаз» фирмасының директоры Кригер Геннадий Владимирович (Қарабалық ауданы);
• «Жыл Меценаты» - «Құнарлылық» ЖШС директоры Ковальский Виктор Федорович (Қарасу ауданы);
• «Туған өлке» - «Қарқын агрофирмасы» ЖШС директоры Буканов Еркін Сайранұлы (Меңдіқара ауданы);
• «Жылдың үздік ұйымы» - «Варваринское» АҚ (Б. Майлин ауданы);
• «Жылдың үздік қамқоршысы» - «Қостанай облысының іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ (Қостанай қаласы).