Қостанай тарихында алғашқы «Kúzgi fest» күзгі фестивалі өтті

Қостанай тарихында алғашқы «Kúzgi fest» күзгі фестивалі өтті

Қостанай тарихында алғашқы «Kúzgi fest» күзгі фестивалі өтті
 күні кешке «Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы» КММ Әл-Фараби даңғылының облыс әкімдігінен Қазақстан халқы Ассамблеясына дейінгі бөлігінде күз мерекесін өткізді. Мұнда музыка ойналып, сурет салынды, балалардың беттері боялып, футбол жаттықтырушысы балалармен доп тепті, бишілер би билеп, түрлі-түсті тастар мен әшекей бұйымдар сатылды.
Облыстық әкімдік ғимаратына қарсы жерде жергілікті музыканттардың орындауында гитарамен Батырхан Шүкенов, Виктор Цой, Мұрат Насыров және т.б.әндері шырқалды.
Ұйымдастырушылар тұрғындарға танымал корей жұлдыздарының бейнесі бар стикерлер таратты. Шараның тағы бір ерекшелігі –бұл swap shop, мұнда қала тұрғындары керексіз заттарын әкеліп, басқа заттарға айырбастай алды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы алаңда суретшілер сурет салды. Бұл суреттерде сағат мұнарасы мен облыстық прокуратураның ғимараты сияқты Қостанайдың көрікті жерлері бейнеленген.
Шараға екі жүзден астам адам қатысты. Енді мұндай кештерді ауа райы қолайлы болса, демалыс күндері өткізіп, оған Қостанайдың дарынды жастарын көбірек тарту жоспарлануда.