Қостанай облысында Қазақстанды құрудағы жастардың рөлі талқыланды

Қостанай облысында Қазақстанды құрудағы жастардың рөлі талқыланды

Қостанай облысында Қазақстанды құрудағы жастардың рөлі талқыланды

 

 

Қостанай облысы жоғары оқу орындарының белсенділері қоғамдық даму басқармасының жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Мүмкіндіктер уақыты» жастар лагерінде бас қосты.

Негізгі мақсат - жастар саясаты саласындағы озық тәжірибелер және инновациялармен алмасу, лагерь жұмысына өз идеяларын жүзеге асыруға қабілетті ең белсенді дарынды жастарды тарту.

  Лагерь жұмысы барысында жас көшбасшы студенттер студенттік өзін-өзі басқару, жоба әзірлеу және оны жүзеге асыру, бастамаларды ілгерілету сияқты бағыттар бойынша оқытылмақ.

Спикерлер – Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Айсұлу Ерниязова, «Көбелек балалар» қорының жетекшісі Сұлтан Аллабергенов, «Жастар рухы» жастар жобалары бөлімінің басшысы Камиль Байрамов.

«Қазақстан құрылысындағы жастардың рөлі» конференциясы лагерьдің маңызды диалог алаңы болды. Конференцияның басты тақырыптары:

 - Облыстың жастар ұйымдары мен жас көшбасшыларын біріктіру бойынша ұсыныстар;

- «Ұстаз» жобасын жүзеге асыру арқылы жас мұғалімдердің әлеуетін арттыру жобалары;

- Жастардың бойында кәсіпкерлік ойлау және бәсекеге қабілеттілік құндылықтарын қалыптастыру.

Айта кетсек, жастармен жұмыстың бұл форматына дайындық 4 айға созылды. Ұйымдастырушылар облыстың барлық жоғары оқу орындарына барды. Үздік бастамаларды іріктеп, кездесуге шақырды.

Бұл тәжірибе әлі де жалғасатын болады, нәтижесінде талқылау барысында ұсынылған үздік идеялар мен жобаларды марапаттау жоспарлануда.