26 қыркүйекте Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Мемлекеттік жастар саясатын ілгерілету және бастамашыл, талантты жастарды қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру»

26 қыркүйекте Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Мемлекеттік жастар саясатын ілгерілету және бастамашыл, талантты жастарды қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру»

26 қыркүйекте Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Мемлекеттік жастар саясатын ілгерілету және бастамашыл, талантты жастарды қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында Рудный, Лисаков, Жітіқара, Тобыл қалаларында Қостанай облысы прокуратурасының көмегімен NEET санатындағы жастар арасында шағын-футболдан «Дүйсенбілік футбол» турнирі өткізілді. Турнирге 10 команда қатысты, оның құрамына қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде есепте тұрған жастар өкілдері кірді. Тіркеуде тұрғандарға кешке көшеде серуендеп, мереке күндері ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынады, сондықтан осындай іс-шараларға қатысу олар үшін бос уақытты өткізудің бір түрі болып табылады. Мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттап, әлеуметтік бейімделуге көмектеседі, сондай-ақ сотталғандардың тәрбие процесінде маңызды рөл атқарады.