Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл

Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл

Қазақстан Республикасы Конституциясының 9-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді» делінген.
Биыл мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына 30 жыл толды. Еліміздің Ата Заңымен қатар, рәміздеріміз де мемлекеттің төлқұжаты десек артық айтпаған болар едік. Мемлекеттік рәміздер ұлттық бірегейліктің қалыптасу тірегі және әрбір мемлекеттің дамуының ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Қазіргі таңда еліміздің рәміздерінің мәні мен мағынасын және олардың қолданылуын, сондай-ақ мемлекеттің қалыптасуын түсіндіру жұмыстары қазақстандық отансүйгіштікті және азаматтық позицияны нығайту үрдісіндегі бірден-бір маңызды факторға айналып отыр. Ендеше, еліміздің жастары, өскелең ұрпақ патриот болсын десек, олардың бойына жастайынан осындай ұғымды сіңіруіміз қажет.

#РәмізімТәуелсіздікБергенАңызым
#АтаЗаңымАзатЕлдіңАйбары
#Конституциякүні
#МемлекеттікРәміздерге30жыл