Мәжіліс Депутаты Юлия Владимировна Кучинская Қостанай облысында

Мәжіліс Депутаты Юлия Владимировна Кучинская  Қостанай облысында

Мәжіліс Депутаты Юлия Владимировна Кучинская

Қостанай облысында

 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты Юлия Владимировна этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс сапарымен келді.

Бағдарламаға сәйкес депутат Бейімбет Майлин ауданына және Рудный қаласына барды.

Сонымен қатар, конфессия өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен және ҮЕҰ, БАҚ, «ҚЖЭК» МКК-нің еңбек ұжымымен, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-да шағын және орта бизнес субъектілерімен кездесулер өткізілді.

Юлия Владимировна оның сапары мен кездесуінің басты мақсаты елдегі ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету және тіл саясатын жүзеге асырудағы жұмыс тәсілдерін жеткізу екендігін атап өтті.