Қостанай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі - Жұмыс тобы) бірінші отырысын өткізу туралы хабарландыру

Қостанай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі - Жұмыс тобы) бірінші отырысын өткізу туралы хабарландыру

«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ 2021 жылғы 20 желтоқсанда Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, мәжіліс залы 509 кабинет мекенжайы бойынша сағат 17.00-де (уақыт нақтылануы мүмкін) кандидаттар мен байқаушылардың қатысуымен Жұмыс тобының бірінші отырысы өтетінін хабарлайды.

Отырыстың күн тәртібі:

  • ЖТ мүшелерін іріктеу (ашық дауыс беру)
  • ЖТ басшысын сайлау
  • Хаттама жүргізу үшін мүшені сайлау
  • Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы халықты хабардар ету күнін айқындау
  • Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын анықтау
  • Қоғамдық кеңестің құрамына әрбір кандидатты бағалау парағының формасын әзірлеу

 

Қосымша ақпарат мына телефондар бойынша: 87142 575600, 575604, 575605, 534420