Бірлік пен келісім – басты назарда

Бірлік пен келісім – басты назарда

Ағымдағы жылдың 11-12 қарашасы күндері Қостанайда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін ілгерілету жөніндегі республикалық лекторий өтті.

 

Филармония фойесінде пленарлық отырыс басталар алдында іс-шараға қатысушыларды Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде этномәдени бірлестіктердің құрылыс, өндіріс, мәдениет, спорт, білім салаларындағы жетістіктерінің көрмесі күтіп тұрды. Экспозицияны өндірілетін өнім, грамоталар, дипломдар, алғыс хаттар, медальдар мен кубоктар түріндегі жетістіктердің көрнекі үлгілері толықтырды.

 

Пленарлық отырыс Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімованың құттықтау сөзімен басталды. Диалог барысында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанаи, «Отандастар» қоры коммерциялық емес акционерлік қоғамының вице-президенті Мағауия Сарбасов, «Ахыска» түрік мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Әскер Пириев сөз сөйледі.

 

Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын іске асыруға Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысу мәселелері, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін нығайту жөніндегі одан әрі шаралар талқыланды. Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар қоныс аудару, қандастарды өңірге бейімдеу және мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізудің маңыздылығы мәселелеріне назар аударды.

 

Пленарлық отырыстан кейін спикерлер секциялық жұмыстарға қатысты. Секциялар «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығында, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Smart-орталығында және «Қоғамдық келісім» КММ өтті.

 

Айта кету керек, лекторияның бірінші күні  спикерлер Федоров ауданындағы екі ауылда болып, біздің облысқа тұрақты тұруға келген қандастармен әңгімелесті. Қандастар өздерінің қоныс аудару тәжірибесі туралы айтып, халықтық қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесін көрсетті.