«Әулиекөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы».

«Әулиекөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы».

«Әулиекөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы».

 

2021 жылғы 10 қарашада Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Әулиекөл ауданының әкімі Е.О. Теменовтың және «ЖАСА Инжиниринг Групп» ЖШС директоры А.А:Балғариннің қатысуымен брифинг өтті. Тақырыбы: «Әулиекөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы».

Ауданның жалпы өңірлік өнімі 43 млрд. теңгені немесе 140% - ды құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда өсімдік шаруашылығы өнімдерін шығарудың төмендеуі есебінен НКИ 76% - ды құрады (64,4% - ға дейін). Өсімдіктердің өсіп-өну кезеңінде жауын-шашынның болмауы және жоғары температура дәнді және жем-шөп дақылдарының түсімділігінің төмендеуіне себеп болды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 227 мың га алқаптан астық жинады. 100 мың тонна бастырылды, орташа өнімділік 4,4 ц/га.Тұқыммен қамтамасыз ету – 100%. 4 шаруашылық 415 млн.теңге сомасына ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға қатысады.

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту 2,6 млрд.теңге сомасына 7,3% - ды құрады.

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында ІҚМ 18612 аналық басының жалпы санынан, тұқымдық түрлендіруге 4024 бас қатысады, қатысу үлесі 21,6% құрайды.

Қостанай облысының 2020-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму картасының үшінші бесжылдығына кіретін «Қуаттылығы жылына 1 млн.тонна глинозем шығаратын зауыт салу» инвестициялық жобасын іске асыру жоспарлануда.

Жыл басынан бері 4318 ш.м. қолданысқа енгізілді, құрылыс жұмыстарының көлемі 2,3 есеге өсіп, 7,1 млрд. теңгені құрады.

Аудан экономикасына 10,9 млрд. теңге инвестиция салынды, НКИ 1,7 есе өсті.

Шағын бизнес саласында 1895 субъект тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 1698 немесе 90%.

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша айналым қаражатын толықтыруға жалпы сомасы 8 млн.теңгеге несиелер берілді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 1 млн.теңге сомасына шағын несиелер берілді.

Әулиекөл ауданының әкімі Е.О. Теменовтың сөзіне қарағанда, ауданда жалпы сомасы 9 млрд. теңгеге 4 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда.

Мәселен, Әулиекөл ауылында жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге газ тарату желілерінің құрылысы бойынша жобаны іске асыру аяқталды. Әулиекөл ауылынан Құсмұрын ауылына дейін Черниговка ауылына қосылатын құны 4 млрд.теңге газ құбырының құрылысы жалғасуда (нысанды 2023 жылы іске қосу). Аманқарағай ауылында жалпы сомасы 2,6 млрд. теңгеге және Новонежинка ауылында құны 925 млн. теңгеге су құбырларының құрылысы жүргізілуде.

Ауданның 10 елді мекенінде 28 млн теңгеге су тарату пункттері орнатылды.