Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.

Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес барысында  Облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Т.Б.Булгацевич  Қостанай облысы ҚХА облыстық қоғамдық келісім кеңесінің жаңа құрамын таныстырды. Сондай-ақ, өңірлердегі кеңестер құрамын, олардың жұмыс жоспарларын бекіту және басқа да өзекті мәселелер қаралды.
Бүгінгі таңда, облыста 267 Кеңес жұмыс істейді, оның құрамына қоғамдық және этномәдени бірлестіктер өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, ардагерлер Кеңестерінің, жастар ісі жөніндегі, шығармашылық одақтар және қоғамдық пікір көшбасшылары кіреді.
Облыс өңірлерінде  Кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша елді мекендерді абаттандыру, медиацияны дамыту, мұқтаж адамдарға қайырымдылық көмек көрсету, жастар бірлестіктеріне қолдау көрсету жұмыстары жүргізілуде.