Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалұлымен кездесу өтті

Бүгін Қостанай обыстық мемлекеттік архивінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы өңірлік комиссия мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында Берік Әбдіғалиұлы облыстық комиссияның атқарып жатқан жұмысы бойынша ішкі саясат басқармасының басшысы М.К. Жұрқабаевтың, жұмыс топтарының жетекшілері Э.К.Наурызбаева, С.С.Исмаилов, А.Н.Табулденовтің есептерін тыңдады. Сондай-ақ, мұрағаттық құжаттарды зерделеу барысында туындайтын мәселелер талқыланып, облыстық Полиция департаменті мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының өкілдері Хасенова Ж.М., Әлімғазина Ж.М. ведомстволық мұрағаттардағы құжаттар туралы баяндап, оларды пайдалану, қолдану жолдарын түсіндіріп өтті.

Өзара пікіралмасу, тәжірибелік кеңестер мен мазмұнды ақпарат алмасу форматында өткен кездесу соңында Берік Әбдіғалиұлы, өңірлік комиссияның атқарып жатқан жұмысына оң баға беріп, алда тұрған міндеттер мен оларды жүзеге асыру жолдарын нақтылап, комиссия мүшелерінің жұмысына сәттілік тіледі.