Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру барысы туралы

Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру барысы туралы

Бүгін, 13 қыркүйекте әкімдік отырысында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Марат Кенжебекұлы Жұрқабаев "мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру барысы туралы"тақырыбында сөз сөйледі.

Марат Кенжебекұлы мемлекеттік ақпараттық саясат Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы тиімділігінің негізгі аспектілерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Өңірде 8 бағыт бойынша бірінші жартыжылдықтың бірыңғай медиа-жоспарының желілік кестесі құрылды: Өңірлерді дамыту, бизнесті қолдау, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және т.б. 29 зәкірлік іс-шара, 111 фондық, 864 медиа-контент (роликтер, бейнетаспалар, инфографиктер және т. б.) көзделген.

Сонымен қатар, өңірде қосымша 14 тақырыптық медиа жоспар құрылған: вакцинация, цифрландыру, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және т. б.

Мемлекеттік органдарда БАҚ-пен өзара іс-қимылды баспасөз қызметтері мен жауапты мамандар орындайды. Қазіргі уақытта мұндай құрылымдар барлық департаменттер мен басқармаларда, Қостанай қ., Лисаков қ., Қостанай және Меңдіқара аудандарының әкімдіктерінде жұмыс істейді.

БАҚ редакцияларымен жедел және кедергісіз өзара іс-қимыл жасау үшін WhatsApp мессенджерінде арнайы чат жұмыс істейді, оған 120-дан астам журналистер мен баспасөз хатшылары кіреді.

Апта сайынғы негізде алдағы іс-шаралардың медиа-грид, негізгі ақпараттық күн тәртібі чатқа жіберіледі.

Толығырақ: Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы М.қ. Жұрқабаевтың әкімдік отырысына "мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру барысы туралы" мәселесі бойынша сөйлеген сөзінің тезистері.