Мобильді топтың көшпелі кездесуі

Мобильді топтың көшпелі кездесуі

Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бастамасымен жекелеген қала мен ауданның анықталған әлеуметтік мәселелерін шешуге жауапты облыстық мемлекеттік органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері кірген мобильді топтар құрамы қалыптастырылды.

Қандастардың мәселелерін мониторингілеу және талдау мақсатында 14 шілде күні «Ұлы даланың ұрпақтары Қостанай» ҚҚ төрағасы Н.Б. Ермағамбетов, қоғамдық пікір көшбасшысы, журналист Н.Қ. Жаримбетова, облыстық мешіттің бас имамы Б.Н. Тәжімбет мобильді тобының сапарлары өтті.

Кездесу барысында қандастар (этникалық қазақтар) қандай да бір жағдайларға байланысты өз бетінше шеше алмайтын әлеуметтік мәселелерді көтерді. Мысалы, кәмелетке толмаған 4 баласы бар көпбалалы ананың тұрғын үй сатып алу бойынша проблемалары анықталды. Отбасына баспана сатып алу үшін облыстық мешіттің бас имамы 1,5 млн. теңге сомасында ақшалай қаражат бөлді.

Құжаттарды рәсімдеуде де проблемалар бар. Олардың кейбіреулері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жеткілікті.

Мобильді топтың келесі шығуы көтерілген мәселелерді шешу қорытындысы бойынша тамыздың бірінші онкүндігінде өтеді.