Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша облыстық комиссия мүшелері далалық жұмысты бастады

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша облыстық комиссия мүшелері далалық жұмысты бастады

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша облыстық комиссия мүшелері далалық жұмысты бастады

ҚР Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы Жарлығына сәйкес облыста жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы мәліметтерді кешенді және арнайы зерделеу міндеттері қойылды.
Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында облыстық комиссия мүшелері мен олардың жұмыс топтары зардап шеккендердің жалпы санын анықтау бойынша іздестіру және зерттеу жұмыстарына аудандарда бұрын зерттелмеген мұрағаттарды зерттеуге кірісті.
Бүгінгі таңда экспедициялық шығулармен:
- Әулиекөл ауданы
- Денисов ауданы
- Жітіқара ауданы
- Меңдіқара ауданы
- Сарыкөл ауданы
- Б. Майлин ауданы
- Лисаков қаласы қамтылды.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Айдар Абайұлы Айтмұхамбетов пен П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының директоры Әлібек Нұрмағамбетұлы Табулденовтің зерттеу жұмыстарына сәттілік тілейміз!