Қандастармен кездесу

Қандастармен кездесу

2021 жылғы 16 маусымда Рудный қаласында отандастарды қоғамға әлеуметтік интеграциялауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде «Бақыт бізде» қоғамдық қоры жаңадан келген қандастармен кездесу өткізді .

Кездесу барысында көші-қон қызметі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдері Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және тұрғын үй мәселелері бойынша түсініктемелер берді, жеке консультациялар өткізді.