«Жоғары білім саласында педагогикалық білім беру қызметтінің сапасы»

«Жоғары білім саласында педагогикалық білім беру қызметтінің сапасы»

«Жоғары білім саласында педагогикалық білім беру қызметтінің сапасы»

4 маусымда Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ы.Алтынсарин атындағы "Арқалық педагогикалық институты" КЕАҚ ректоры Сейітбек Қуанышбаевтың және "Педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі Роза Қалимжанованың  қатысуымен брифинг өтті.

Биылғы жылы ЖОО кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының 100% - ын жаңартты. "Педагогика және психология" ББ жаңартылды, сондай-ақ "Қосымша білім беру педагогы және тәлімгер" тағы бір инновациялық білім беру бағдарламасы әзірленді.  Қазіргі уақытта бағдарлама ББ тізіліміне жүктелген, осы бағдарламаның сараптамалық бағасын күтеміз.

Жыл сайын АрқМИ білім беру бағдарламалары "Атамекен"Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы өткізетін білім беру бағдарламаларының Республикалық рейтингіне қатысады.

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстанда 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап педагогикалық бағыт бойынша оқитын студенттер үшін шәкіртақы мөлшері ұлғайтылды, шәкіртақы сомасы 42 000 теңгені құрайды. Сонымен қатар педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл 75 балға дейін көтерілді. Барлық осы шаралар педагогикалық мамандықтың тартымдылығын арттырудың тиімді тетіктері болып табылады.

Жаңғырту, жаңа орталықтар мен аудиториялар ашу бойынша жұмыс жалғасуда, біздің жоғары оқу орнымыз есімі берілген ұлы ұстаз-ағартушының 180 жылдық мерейтойына орай Ыбырай Алтынсариннің аудиториясын ашу бойынша дизайнерлік жоба әзірленді.