Қостанай облысында вакциналауды жүргізу туралы

Қостанай облысында вакциналауды жүргізу туралы

Қостанай облысында вакциналауды жүргізу туралы

27 мамырда Қостанай облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық басқармасы басшының орынбасары А. А. Бексұлтанованың, Қазақстан Республикасы Денсаулық сактау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай  облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшының орынбасары  Ю. И. Севостьяновтың  қатысуымен брифинг өтті.

1 ақпаннан бастап COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізілді.

Вакцинациялаудың бастапқы және қайталама кезеңдеріне арналған кабинеттер жұмыс істейтін 31 медициналық ұйым (оның ішінде 5 жеке) жұмыс істейді.

Вакцинацияны 93 стационарлық және жылжымалы егу пункттері жүргізеді. Вакцинация пункттерін 150-ге дейін кеңейту үшін резерв бар.

Адамдар көп жиналатын орындарда вакцинациялау үшін емханалардан басқа "Kostanay Рlaza" сауда-ойын-сауық орталығында, "City Kostanai" бизнес-орталығында, "Емшан" сауда орталығында, "Астықжан" супермаркетінде (Абай даңғылы 1Б), сондай-ақ Рудный қаласында "ЦУМ"сауда орталығында жеке егу кабинеттері ашылды.

Вакцинаның сақталуын қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдар бір мезгілде 173 мың дозаны сақтай отырып, мұздатқыш жабдықтың 104 бірлігін иеленіп отыр.

Барлығы халықты иммундау кезеңі басталғаннан бері – 115505 вакцинацияланды,, оның ішінде 1 құрауышпен-81097, 2 құрауышпен – 32033 адам.